Меню KDT

Новости

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында "Туған өлке" негізінде сыныптан тыс саяхат өтті

Ақпарат 13 қараша 2018 жылы Байтуыс орталау мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім» негізінде мектепішілік мұражайды жетілдіру мақсатында тарих, география және әдебиет пән мұғалімдері сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Оқушылармен тарихи-этнографиялық материал әкеліп мектеп базасында «Тәрбие және білім» негізінде мұражайды толықтырдық. Балалар әр бір материалдармен танысып мұражай экспонаттарын жаңарта, мұражайды көркейту, әрқашан оның маңызын сақтау үшін өздерінің үлестерін қосты. «Туған өлке» маңыздылығын, ауыл тарихын, өлкенің құрулуы жайлы мағлұматтар беру үшін ауыл сыртына, ауыл көшелеріне саяхатқа шықтық. Рақым Қасымұлы көшесіне неліктен көше атағын берген оқушыларға ұғындыра, мәліметтер бердік. Ол атамыз Байтөс ауылын басқарған 1913 жылдар аралығында өмір сүрген. Ферма меңгерушісі болған, кейіннен председатель болаған, Ел ағасы болған адам. Елге зор еңбек еткені үшін көше атағын берген. Елге адал қызмет еткен. Бұл адамның наградаларымен медальдары, алғыс хаттарыда бар. Сондықтан да атамыздың фото портреті мұражайдың қақ төрінен орын алмақ. Жолдасы Базарайым апаныңда суреті де мұражайға ілінген. Мұражайда «Елім деп соққан жүрек» атты стенд ілінген. Оның себебі Канафин Қабкен Канафияұлы Қасиетті Кіші Қарой өңірі атты ел аузына ілігіп, көпшілік құрметіне бөлінген тұлғалардан кемде емес 1940 жылы 16 сәуірде Омбы облысының Есілкөл ауданындағы Әлім аулында дүниеге келген. Елдің атын шығағрар еңбекке ерте алысты. Оның жастық шағы Қазақстан ауқанына тұспа-тұс келіп, 1955 жылы үй-орманымен бұрынғы Ленинград ауданының «Менжин» кең шарына қарасты Байтөс ауылына табан тіреген Қабыкең еңбек жолында дәо осы жерде әуелдегі қатардағы тракторшы болудан бастап кейінгі трактор егіс бригадасы жетекшісінің көмекшісі. Ал 1969 жылдан 1991 жылға дейін Байтөс бөлімшесінің товарлы- сүт фермасының басшысы сияқты жауапты қызметтер атқарады. Осылайша ел қамын жеп жастайынан атқа мініп Қабыкенің көп жылғы қажырлы еңбегі нәтижелі болған. Аз жылдың ішінде « Байтөс» бөлімшесі кеңістік заманның талабына сай шаруасы шалқыған ауылға айналған. Ауылға саяхатқа шығу барысында «Туған өлке» маңыздылығын білу, париоттық сезімдерін ояту барысында оқушыларды жазғы саябақ маңына апарып «Ескерткіш саябағы» атты не үшін орнатылған, оның қандай маңыздылығы бар екені жайлы мәліметтер айтылды. Оқушылар ауылын таза, әрі көрекейту үшін абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосатындары жайлы, жазда бұл саябаққа гүл егетіндері жайлы айтты.

Просмотров: 194

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры Жумажанов Азамат Турлубайевич

Опрос

Статистика

  • Осы айда10
  • Осы аптада5
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки