Байтуыс орталау мектебінің 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні және Алғыс айту» күнін мерекелеуге арналған іс-шара
1 наурыз «Үздік кондитер» кәсіби шеберлік сайысы ( торт жасау, презентация, шай ішу) жауапты мұғалім: М.А.Балтабекова мен А.Д.Рахимова өткізді. Ең алдымен шаттық шеңбер құрылып «Алғыс айту» күні жайлы бағдарлама, тренингтер өтті.Одан кейін осы байқау болды. Оқушылар 1,2,3 орын жүлделері анықталып, қатысқан барша оқушыларға марапаттау қағаздары берілді. 2- наурыз «Fasion hair style» қыздар арасында шаш үлгісі байқауы өтті.Жауапты ағылшын мұғалімі.Байқау жақсы өтті.Жүлделі орындар болды.Қатысқан оқушыларға мадақтамалар берілді. 3- наурыз «Анама, шексіз махаббатпен!» шығармалар байқауы өтті. Жауапты: С.Б. Тулегенов болды. 4-наурыз «Мейірімді жүрек күні»- қамқоршылар мен патриот тәрбиеленушілер ұлықтау атты сурет байқауы өтті.Жауапты: тәлімгер: Ж.А.Муханова өткізіп, марапаттау қағаздарын берді. 5- наурыз «Қазақстанның атақты әйелдері» атты шығармашылық көрме ұйымдастырылды. 7- наурыз Сынып сағаттары «Ана махаббатының жарығы», «Өзіңнің жер анаңа табын»,«Әлем оның махабатымен жарқырайды» тақырыбында 0-9 аралықтарында өтті.